Ансамбль 1997 жылы құрылған.

 

Жетекшісі  - Сапожкова Илона Владимировна.

 

Заманауи икемділік ерекшелігі күннен-күнге қыздарды хореографиялық шығармашылықтың осы түріне тартуда.  Стильді, заманауи, еркін, сонымен бірге ансамбльдің өте көркем, икемді қатысушылары  сахнада өздерінің  замандасарының би үлгілерін көрсетеді

         «Geronimo» ансамблі - бұл балалар мен жасөспірімдерге өзінің қабілеттілігі мен шығармашылық потенциалын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, үнемі даму үстіндегі,  әрдайым шеберлігін  көтеріп отыратын, тату, тығыз топтасқан ұжым.           «Geronimo»  заманауи би ансамблінің оқыту бағдарламасында балалар эстрадалық биі, клубтық және көше стиліндегі, модерн  сияқты хореографиялық бағыттар қамтылған.

 

қызметтің негізгі бағыттары:

  • Заманауи хореография
  • Көше биі
  • Қойылым жұмыстары
  • Концерттік бағдарламалар
  • Фестивальдер мен байқауларға қатысу

 

негізгі жетістіктері:

Түрлі деңгейдегі байқаулардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары:

  • «Талисман удачи» - 2008 ж. Туркия, Алания қ. Халықаралық балалар шығармашылығы байқауы
  • «Адмиралтейская капель» - 2006 ж. Ресей, Санкт – Петербург қ. Халықаралық балалар шығармашылығы байқауы
  • «Хрустальный башмачок», «Танцевальный калейдоскоп», «Танцевальная радуга», «Fantasy dance», «Звездная радуга Сары - Арки» облыстық байқаулары мен фестивальдері

 

қабылдау шарты: ұжымда 6 дан 20 жасқа дейінгі қыздар айналысады. Ансамбль құрамына дайындық тобы, кіші, орта, жоғары топтар мен жеке орындау топтары кіреді.

 

ОҚУ САБАҒЫНЫҢ КЕСТЕСІ