Акпарова Акмарал Кенжебековна – тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары

Білімі: 2001 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Педагог және бастауыш сыныпқа білім беру әдіскері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Сарайда 2015 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Қалалық және облыстық іс-шаралардың белсенді ұйымдастырушысы мен қатысушы болып табылады.

Ақмарал Кенжебековна өз ұжымында жеке қасиеттерімен бағалы: қайырымды, тіл табыса біледі, ұйымдастырушылық қасиеті жоғары, кішіпейіл.

Әріптестеріне риясыз көмек көрсетуге әрдайым дайын. Шығармашыл және талап қоя білетін, өз ұжымында абыройлы кәсіби маман.


АЛТЫНБЕКОВА Шариза Далабаевна – КМҚК «Балалар мен жеткіншектер сарайының»  директоры   

Біліктілігі жоғары деңгейдегі әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі қосымша білім беру педагогы. 

Білімі: 1991 жылы Жезқазған педагогикалық институтын «География және қосымша биология» мамандығы бойынша тәмамдаған.  

Өз еңбек жолын 1991 жылы Жезқазған қаласының Балалар мен жеткіншектер сарайында бастаған.

 20015 жылы Қарағанды қаласының Балалар мен жеткіншектер сарайына әдіскер ретінде қабылданған, 2006 жылы «Атамекен» этномәдени тәрбие бөліміне бөлім меңгерушісі ретінде тағайындалған. Бөлімдегі жұмысы барысында Шариза Далабаевна қазақ тілінде танымдық ойындар мен байқаулар ұйымдастырған.

 2007 жылы  Шариза Далабаевна тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары болып тағайындалды. Шариза Далабаевнаның жетекшілігімен ірі көлемді «Экология және балалар» Форумы ұйымдастырылып өткізілді.

 Жоғары шығармашылық потенциалы, әдіскерлік біліктілігі мен ұйымдастырушылық қасиетінің арқасында тәрбиеленушілері, әріптестері, қала және облыстық білім басшылары арасында абыройлы, 2009 жылдан бастап Шариза Далабаевна КМҚК «Балалар мен жеткіншектер сарайының» директоры.

Шариза Далабаевнаның еңбегі бірнеше мәрте білім бөлімінің, Қарағанды облысы білім Басқармасының, тілдерді дамыту Басқармасының, Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысы Маслихаты мен Әкімдігінің, Республикалық оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығының грамоталарымен марапатталған.  

 

 


ИСАИНОВА Марина Михайловна - ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша директордың орынбасары   

Біліктілігі жоғары деңгейдегі әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі қосымша білім беру педагогы. 

Білімі: 1990 жылы Қарағанды педагогикалық институтын «Бейнелеу өнері, сызу, сәндік-қолданбалы өнер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2005 жылы Балалар мен жеткіншектер сарайының балалар қозғалысын дамыту бөліміне әдіскер ретінде жұмысқа қабылданған. 2008 жылы директордың орынбасары болып тағайындалған.

Марина Михайловнаның жетекшілігімен, Сарай көптеген жобаларды жүзеге асыру үшін, аймақтағы қосымша білім беруді жүйесін дамытудағы эксперименталдық алаңға айналды

Марина Михайловна қосымша білім беру педагогтарыны I Республикалық байқауында «Тәлімгер» номинациясының иегері, иновациялық педагогикалық идеялар IV Республикалық фестивалінің Лауреаты, облыстық және республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференциялардың қатысушысы, Марина Михайловнаның зерттеулері мен статьялары облыстық және республикалық баспаларда жарыққа шыққан.

Марина Михайловна білім бөлімінің, Қарағанды облысы білім Басқармасының, Қарағанды қаласы Әкімдігінің, Республикалық оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығының грамоталарымен алғыс хаттарымен марапатталған.