Ахметова Алла Маратовна - концертмейстер

Білімі: 1991 жылы Қазақ Мемлекеттік консерваториясының «Музыка және ән мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтаған.

Отбасылық оқу-білім кешенінде 2013 жылдан бері жұмыс істейді.



 

Баркова Екатерина Васильевна – екінші санатты концертмейстер.

Білімі: 2009 жылы Тәттімбет ат. Қарағанды өнер колледжін «Хор дирижеры» мамандығы бойынша тәмәмдады.

Балалар мен жеткіншектер сарайында 2009 жылдан бері жұмыс атқарады. Отбасылық оқыту –білім кешенінде (БмЖС бөлімшесінде) мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізу барысында ритмика пәні педагогымен шығармашылық тығыз байланыста. Кешеннің қызметі шеңберінде мерекелік іс шараларды өткізуге белсенді ат салысады. 

 


Коротких Жанна Владимировна – екінші категориялы «Волшебная страна» үлгілі хореографиялық ансамблінің концертмейстері.

Білімі жоғары. 1994 жылы С. Сейфуллин атындағы Ақмола Мемлекттік педагогика институтынан «Музыка» мамандығын алып шықты.

Балалар мен Жеткіншектер Сарайында 2002 жылдан бері жұмыс істейді. 

Кәсіби шеберлігі жоғары маман, білімділігі биік дәрежеде, балалар мен педагогтар арасында жұмыс істеудің жаңа әдістерін үнемі іздеу үстінде. «Кішкентай ел» және «Біз бақытты ұланбыз», облыстық балалар шығармашылығының «Алғашқы қадам» және «Еркетай» фестиваль – конкурсының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын тәрбиеледі.

Біраз мақалалар жариялады. Музыкалық білім жөніндегі шеберлік-кластар мен семинарларға, конференцияларға белсенді түрде қатысады.

Қалалық Білім бөлімінің және әр түрлі конкурс ұйымдастырушыларының алғыс хаттарымен марапатталды.


Маркварт Олеся Леонидовна – бірінші категориялы «Волшебная страна» үлгілі хореографиялық ансамблінің  концертмейстері.

Білімі арнайы орта. 2004 жылы Қарағанды Тәттімбет атындағы өнер колледжінің «Фортепиано»  мамандығын оқып бітірді.

Балалар мен Жеткіншектер Сарайында 2007 жылдан бері жұмыс істейді.  

Кәсіби шеберлігі жоғары маман , білімділігі биік дәрежеде, балалар мен педагогтар арасында жұмыс істеудің жаңа әдістерін үнемі іздеу үстінде.           

Педагогика мен психология саласындағы кең білімі арқасында, әр түрлі жастағы балалармен өте жақсы қарым – қатынаста. Олеся Леонидовна өздері билейтін билердің елдері туралы, олардың музыкасы туралы балаларға айту барысында әр түрлі әдістер қолданады: музыкалық ойындар, викториналар, әңгімелер. Қосымша білім беру педагогтарымен бірге тәрбие жұмыстарымен айналысады, шеберлік – кластар, ата- аналар мен әріптестерге арналған ашық сабақтардың жақсы өтуіне көмек жасайды. Ансамбль сценарийіндегі мерекелік бағдарламалардың авторы болып есептеледі.        


Окунь Галина Анатольевна – жоғары категориялы «Волшебная страна» үлгілі хореографиялық ансамблінің концертмейстері.

 Білімі арнайы орта. 1981 жылы Қарағанды музыкалық училищесінің «Хор дирижері, музыка және ән мұғалімі, сольфеджио оқытушысы» мамандығын оқып бітірді.

Балалар мен Жеткіншектер Сарайында 1980 жылдан бері жұмыс істейді.  

Кәсіби шеберлігі жоғары маман, білімділігі биік дәрежеде, балалар мен қосымша білім беру педагогтары арасында жұмыс істеудің жаңа әдістерін үнемі іздеу үстінде.

Қосымша білім беру педагогтарымен бірге тәрбие жұмыстарымен айналысады, шеберлік – кластар, ата- аналар мен әріптестерге арналған ансамбль хореографтары өткізетін ашық сабақтардың жақсы өтуіне көмек жасайды. Галина Анатольевна өздері билейтін билердің елдері туралы, олардың музыкасы туралы балаларға оқу барысында айтып отырады.

 


Пригода Марина Юрьевна – екінші санатты концертмейстер.

Білімі: 1991 жылы Қарағанды педагогикалық училищесін «Музыкалық тәрбие» «Музыкалық жетекші, музыка мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы Е.А. Бөкетов ат. «Шетел тілі» мамандығы бойынша аяқтады.

Отбасылық оқу-бөлім кешенінде 2011 жылдан бері жұмыс істейді.

Балалар мен педагогтармен серіктестік құруда жаңа әдістерді ізденуге ұмтылатын жоғары кәсіби, білімді маман.


Скорнякова Марина Борисовна – концертмейстер.

Білімі арнаулы-орта. 1984 жылы Тәттімбет ат. Қарағанды музыкалық училищесін «Хор дирижиры, музыка және ән мұғалімі, БММ сольфеджио пәні оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген. Балалар мен жеткіншектер сарайында 1989 жылдан бері жұмыс істейді.

Отбасылық оқу-білім кешенінің барлық топтарында сабақ береді. Жоғары орындаушылық және педагогикалық тәжірибеге ие. Педагогтың музыкалық сүйемелдеуі мен жаттығуларды үйлестіре білуі және осының барлығының балалардың жас ерекшеліктеріне сай келуі, балалардың музыкалық дайындығы, уақыт өте келе жаттығулардың қиындай түсуі білім берудің жетістікке жетуіне және дайындалушы топтардың музыкадағы ерекшелікті бағалауына әкеледі. Балаларға әуеннің мазмұнын түсінуге, оның тереңін  ұғынуға үйретеді. Концерттерде сүйемелдейді, сабақтарда музыкалық сүйемелдеуді кәсіби түрде орындауды қамтамасыз етеді.

Бірнеше рет Балалар мен жеткіншектер сарайының құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, қарағанды облыстық білім Басқармасының Алғыс хатымен марапатталған.