Благодарных Юлия Сергеевна – Отбасылық оқыту-білім кешенінің бірінші санатты әдіскері (ООБК).

Білімі: 1996 жылы Қарағанды педагогикалық колледжін «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша аяқтап, «Тәрбиеші» біліктілігін алды. 1999 жылы Е.А.  Бөкетов атындағы ҚарМУ «Педагогика және мектепке дейінгі» мамандығы бойынша аяқтады, оған «Психолог-педагогикалық тәртіп оқытушысы» біліктілігі берілді. 2004 жылы Қазақстан -Ресей университетінің «Дефектология» мамандығы бойынша «Логопед» біліктілігін алды. Балалар мен жеткіншектер сарайында 1998 жылдан бері жұмыс істейді.

Әдіскер ретінде кешен педагогтарының кәсіби шеберліген арттыру үшін жағдай жасайды. «Заманауи кезеңдегі қосымша білім беру жүйесі жағдайында балалармен жұмыс жасаудың инновациялық үлгілері мен технологиялық жұмысы» Республикалық ғылыми-әдістемелік семинарының бірден бір ұйымдастырушысы болып табылады. Бірнеше әдістемелік әзірлемелері мен басылымдар бар.

Қарағанды қ. Білім бөлімінің және Қарағанды облысы Білім Басқармасының Алғыс хатымен және грамотасымен марапатталған.

 


Қожахметова Ақгүл Қуанышқызы – ЖЗ ШҒА бірінші санатты қосымша әдіскері.

Білімі жоғары. 2003 жылы Е.А.Бөкетов ат. ҚарМУ «Қазақ тілі және әдебиен пәндері» мамандығы бойынша бітірген. Балалар мен жеткіншектер сарайында 2004 жылдан бері жұмыс істейді.

Біздің Сарайымыздағы жас зерттеушілердің шағын ғылым академиясының көп жылғы жұмыс тәжірибесіне негізделген, оқушылардың зерттеушілік қызметі бойынша құрастырылған оқу-әдістемелік құралдарының аудармашысы, авторы және бірлесіп жазған авторы болып табылады.

Ақгүл Қуанышқызының шәкірттері бірнеше рет ЖЗ ШҒА практикалық конференцияларына қатысып, жақсы нәтиже көрсеткен.

Қарағанды облыстық Білім басқармасының, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті ректорының мадақтамаларымен, алғыс хаттарымен марапатталған.

 


НУРУШЕВА Камаль Бекқожақызы - Балалардың әлеуметтік коммуникациясын дамыту бөлімінде жоғары санатты  әдіскер.

Білімі: 1982 ж. Е.А.Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген.

Балалар мен жеткіншектер сарайында  2008 ж. бері жұмыс істейді.

Облыстық семинарлар, шеберлік сағаттары, байқаулар ұйымдастырып, өткізеді. Жас педагогтарға мақала, жобалар қорғау, іс қағаздарын жүргізу және бағдарлама әзірлемелерін даярлауда әдістемелік-практикалық кеңестер береді. 

Білім саласындағы еңбегі үшін Қарағанды қ. білім бөлімінің, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің  мадақтамалары және  алғыс  хаттарымен марапатталған.


СЕЙДАМЕТОВА Елена Васильевна – Кадрлық жұмыстар бойынша әдіскер.

Білімі:  1976 жылы Жезқазған педагогикалық училищесін «Мектепке дейінгі даярлық» мамандығы бойынша тәмамдаған.   Сарайда 2009 жылдан бастап қызмет етіп келеді.   

Елена Васильевна біліктілікті жоғарылату курсы сұрақтары бойынша педагогтарға әдістемелік кеңестер мен практикалық көмек көрсетеді. 

Қарағанды қаласы Балалар мен жеткіншектер сарайының грамоталарымен алғыс хаттарымен марапатталған.