Абданбекова Калима Турехановна – педагог-ұйымдастырушы

Білімі: 2001 ж. «Физика пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша О.А. Байкоңыров атындағы Жезқазған  Университетін тәмамдаған.

Балалар мен жеткіншектер сарайында 2013 жылдан бері жұмыс жасайды.

Балалар мен жеткіншектер сарайындағы түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.

Балалар мен Жеткіншектер сарайы, Облыстық Білім Басқармасының  мадақтамалары және алғыс хаттарымен марапатталған.

 


Абильдин Рустам Валиевич – екінші санатты педагог- ұйымдастырушы.         Білімі: 2011 ж. Е.А.Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университетін  «Филология» мамандығы бойынша бітірген.

Балалар мен жеткіншектер сарайында  2012 ж. бері жұмыс істейді

Қарағанды облысы бойынша Көңілді Тапқырлар Клубын (КВН) дамыту жұмыстарын   жүзеге асырып отыр.  Оқушы жастар арасында Көңілді Тапқырлар Клубы (КВН) Чемпионатын ұйымдастырушылардың бірі. Жастар бойында көшбасшылық сапаны жетілдіру бағытында семинар мен  тренингтар  өткізеді.

Қарағанды Көңілді Тапқырлар Клубы  Жастар қоғамдық ұйымы, «Ұлағат» Жастар қоғамдық ұйымы, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының мадақтамалары, алғыс хаттарымен марапатталған. 2014 ж.  «Жылдың жас педагогы» номинациясы бойынша Қарағанды облысы «Жастардың  Құрмет Алтын  кітабына»  енген.

 


Альбазарова Амина Кәрімқызы – жоғары санатты педагог-ұйымдастырушы.

Білімі: 1991 ж. Е.А.Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университетін  «Тарих және әлеуметтік-саяси пәндер оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген.

Балалар мен жеткіншектер сарайында  1991 ж. бері жұмыс істейді.

Облыстық семинарлар, шеберлік сағаттары, байқаулар ұйымдастырып, өткізеді. Жас педагогтарға мақала, жобалар қорғау, іс қағаздарын жүргізу және бағдарлама әзірлемелерін даярлауда әдістемелік-практикалық кеңестер береді.  Оқушылар мен шығармашыл жастар ісін қолдау бағытында жұмыстар өткізеді. Олардың конференция, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстарға қатысуларына мүмкіншілік  туғызады.

    Амина Кәрімқызы Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды қ. білім бөлімі, Қарағанды облысы Білім басқармасының, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің, Қарағанды қ. Әкімдігінің,  «Қазақстан КВН Одағы», Қарағанды облысы Ішкі саясат Басқармасының, Қарағанды облысы Балалар құқығын қорғау Департаментінің, Степногор қ. Әкімдігінің  мадақтамалары  және алғыс хаттарымен марапатталған. 

 

 


Бисенова Назерке Максутовна – екінші санатты педагог-ұйымдастырушы.

Білімі – жоғары. Қарағанды гуманитарлық колледжін «Бастауыш жалпы білім» мамандығы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Дефектология» мамандығы бойынша аяқтаған. Балалар мен жеткіншектер сарайында 2013 жылдан бастап жұмыс істейді.

Педагог-ұйымдастырушы ретінде Жас зерттеушілердің Шағын ғылым академиясы шеңберінде қалалық және облыстық байқауларды ұйымдастыру мен өткізуде белсенді жұмыс атқарады.

Жас, маман ретінде өсуге ұмтылған, болашағынан зор үміт күттіретін педагог.


Калиева Акмарал Ракимовна – педагог-ұйымдастырушы.

Білімі: Академик Е.А.Бөкетов атындағы 2005 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтаған. 

Сарайда 2006 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. 

Өзін ұжымның белсенді мүшесі ретінде көрсете білді, әріптестері арасында абыройлы және сыйлы.

Педагог әр кез шығармашылық ізденіс үстінде, өз білімін арттыру мақсатында біліктілігін жоғарылатып отырады. Балалар мен жеткіншектер сарайының, Ішкі саясат департаментінің, ТЖ департаментінің  грамоталарымен, сертификаттарымен марапатталды.


КИМ Вера Владиславовна – жоғары санатты педагог-ұйымдастырушы.

Білімі: 1993 ж. «Мәдениеттану» мамандығы бойынша Свердлов училищесін бітірген. 2008 ж. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін «Психология» мамандығы бойынша аяқтаған.

Балалар мен жеткіншектер сарайында 1989 жылдан бері жұмыс істейді.

Қарағанды облысы білім ұйымдары арасында өткізілетін қуыршақ театры мен драмалық ұжымдары байқау-фестивалінің  ұйымдастырушысы.

Қалалық, облыстық, республикалық мерекелік іс-шаралардың авторы және қоюшы режиссері.

Балалар мен Жеткіншектер сарайы, Қалалық білім бөлімі, Облыстық Білім Басқармасының мадақтамалары және алғыс хаттарымен марапатталған.


Конакбаева Анар Аманжановна – жоғары санатты педагог-ұйымдастырушы.

Білімі: 1990 ж. «Математика,информатика мен есептеу техникасы» мамандығы бойынша Қарағанды педагогикалық институтын тәмамдаған.

Балалар мен жеткіншектер сарайында 2001 жылдан бері жұмыс жасайды және БмЖС түлегі.

Қосымша білім ұйым мұғалімдері арасында өткізілген І рсепубликалық байқауға белсене қатысып, жүлделі орын иеленді, жаңашыл педагогтар арасынды өткен ІV республикалық фестивалінің, Қарағанды облысы әкімі «Өнерім өнеге» номинациясының жүлдегері.

Балалар мен Жеткіншектер сарайы, Қалалық білім бөлімі, Облыстық Білім Басқармасының мадақтамалары және алғыс хаттарымен марапатталған.


Кригер Светлана Васильевна – жоғары категориялы педагог –ұйымдастырушы.

Білімі: 1989 жылы Өскемен педагогикалық институтының «Музыка және педагогика»  мамандығын алып шықты.       

Балалар мен Жеткіншектер Сарайында 1993 жылдан бері жұмыс істейді.           

Балалар шығармашылығының эстетикалық бағыттағы облыстық конкурстары мен фестивалінің  ұйымдастырушысы және кураторы болды.       

Ол Балалар мен Жеткіншектер Сарайында шығармашылық бірлестіктер тәрбиеленушілеріне арналған бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі.

Ол Қарағанды облыстық Білім Басқармасының, Қалалық Білім бөлімінің мақтау қағаздары және алғыс хаттарымен марапатталды.


КУДРЯВЦЕВА Татьяна Викторовна – жоғары санатты педагог-ұйымдастырушы.

Білімі жоғары. 2004 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Жарнама дизайны. Дизайнер» мамандығы бойынша аяқтады.

Балалар мен жеткіншектер сарайында 1996 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Оқушылардың оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының облыстық, республикалық байқауларын, облыс педагогтарына арналған түрлі семинарларды ұйымдастыруға және өткізуге жауап береді, мектептермен байланыс орнатады.

Татьяна Викторовна ЖЗ ШҒА ұйымдастыратын байқаулар ережесін әзірлеуге қатысады.

Түрлі деңгейдегі мадақтамалармен, алғыс хаттармен марапатталған.


Қарақбай Әсел Мақатйқызы – жоғары санатты педагог-ұйымдастырушысы.

Білімі: 2001 жылы Е.А.Бөкетов ат. Қарағанды Мемлекеттік Университетін «Қазақ тілі және әдебиет пәндері мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.

Балалар мен жеткіншектер сарайында 2005 жылдан бері жұмыс істейді.

Әсел Мақатайқызы «Жыр алыбы - Жамбыл» тақырыбындағы облыс оқушыларының арасында өткен облыстық айтыстың ұйымдастырушыларының бірі, «Абай оқулары», «Ғибрат», «Күй қайнары», «Назқоңыр», «Ділмар сөз» интелектуалды ойындар облыстық байқаулардың ұйымдастырушысы болып табылады. Бұдан басқа  педагог қоғамдық іс-шараларға, Қазақстан  халқының тілдер мерекесі күніне, 8 наурыз, Наурыз; Балалар мен жеткіншектер сарайының Мерейтойына арналған іс–шараларды ұйымдастыруға ат салысады. Әсел Мақатайқызы көптеген қала және облыс көлемінде өткізілетін маңызды  шаралардың жүргізушісі.

Білім басқармасының, Тілдерді дамыту Басқармасының Алғыс хатымен; РҚББӘО дипломымен марапатталды.


Мауиянов Медет Мәдиниетұлы – Сұрыптау кенті, Балалар мен жеткіншектер сарайының педагог-ұйымдастырушы.

Білімі: 2013 жылы Е. А. Бөкетов ат. Қарағанды Мемлекеттік Университетінің «Мәдени-сауық жұмыстары» мамандығы бойынша оқып шықты.

Балалар мен жеткіншектер сарайында 2013 жылдан бері жұмыс істейді.

Қарағанды қ. Октябрь ауданының мектеп оқушыларына арналған байқаулар мен іс- шаралардың ұйымдастырушысы болып табылады.


Садвакасова Нұрбике Мұратқызы –жоғары санатты  педагог-ұйымдастырушы.

 Білімі: 1996 ж. Е.А.Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университетін  «Тәрбиеші. Мектепке дейінгі педагогика мен психология оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген. Балалар мен жеткіншектер сарайында  2002 ж. бері жұмыс істейді.

Әлеуметтік жобалар байқаулары мен «Кәсіби шеберлік мектебін» және   азаматтық-патриоттық тәрбие бағытындағы «Алтын бесік» жаңашыл жобаны жүзеге асырушы және ұйымдастырушы. Нұрбике Мұратқызы ұйымдастырған әрбір іс-шара өзіндік мазмұндылығы және нәтижелілігімен ерекшеленеді.

Қарағанды облысы Білім Басқармасы, Қарағанды облысы Әкімдігі, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, № 31775 әскери бөлім, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының мадақтамалары , алғыс хаттарымен марапатталған.

 

        

 


Садыкова Гульшат Кошкимбаевна – педагог-ұйымдастырушы.

Білімі: 2005 ж. Қарағанды «Болашақ» Университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Бүгінгі күні «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім алып жатыр.

Балалар мен жеткіншектер сарайында 2003 жылдан бері жұмыс жасайды.

Балалар мен жеткіншектер сарайының үйірмелеріне қатысатын барлық балалардың саны мен әлеуметтік деңгейін бақылайды.

Қалалық, облыстық байқаулардың жоғары деңгейде өтуіне белсене қатысады.


Сечина-Кирина Наталья Александровна – отбасылық оқу-білім кешенінің бірінші санатты педагог-ұйымдастырушысы.

Білімі: 2005 жылы  Академика Е.А. Бөкетөв атындағы «Бастауыш және бастауыш оқыту әдісі» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Балалар мен жеткіншектер сарйында 2008 жылдан бері  қызмет істейді.

Отбасылық оқу-білім кешенінде өткізілетін мектеп жасына дейінгі балаларға арналған көптеген мерекелік және концерттік бағдарламалардың авторы болып табылады.

Түрлі деңгейдегі алғыс хаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталған.


Чертовских Лилия Ришатовна –  екінші санатты педагог-ұйымдастырушы.

Білімі: 2014 ж. «Болашақ» маңызды білім беру институтын «Педагогика және  психология» мамандығы бойынша бітірген. Балалар мен жеткіншектер сарайында  2005 ж. бері жұмыс істейді.

Жастар арасында  рухани-адамгершілік бағыттағы жұмыстар жүргізеді.

«Мейірімділік» Акциясының жетекшісі. Ардагерлер мен мүгедектер үйлеріне жәрдем көрсету бағытында белсенді жұмыстар атқарады. Ойындар технологиясына үйрету бойынша тренингтік сабақтар мен семинарлар ұйымдастырады.

Қарағанды қ. білім бөлімі, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының мадақтамалары , алғыс хаттарымен марапатталған.

 

 

 


Шепелевич Иван Иванович – педагог-ұйымдастырушы

Білімі: 2007 ж. «Дене шынықтыру пәні мұғалімі» мамандығы бойынша Қарағанды педагогикалық институтын тәмамдаған. 2010 жылдан бері Балалар мен жеткіншектер сарайында жұмыс жасайды.

Балалар мен жеткіншектер сарайында түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.

Балалар мен жеткіншектер сарайының, қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздары, алғыс хаттарымен  марапатталған.


 

Шумячкин Евгений Семенович – жоғары санатты педагог- ұйымдастырушы.         Балалар мен жеткіншектер сарайының түлегі  («Факел» қалалық пионерлер штабы).

Білімі: 1991 ж. Е.А.Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университетін  «Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген.

Балалар мен жеткіншектер сарайында  2006 ж. бері жұмыс істейді

Азаматтық-патриоттық бағыттағы іс-шараларды, «Қалқан» әскери-спорттық ойынын,  сахналанған әндер байқауын, ту ұстаушылар байқауларын ұйымдастырады және өткізеді.

Қарағанды Көңілді Тапқырлар Клубы  Жастар қоғамдық ұйымы, «Ұлағат» Жастар қоғамдық ұйымы, Қарағанды қ. әскери бөлімдері,  Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының мадақтамалары , алғыс хаттарымен марапатталған.