Боев Вадим Вадимович – заведующий студией звукозаписи.

Білімі: 2006 ж. «Дәнекерлеу өндірісінің жабдықтары мен технологиясы» мамандығы бойынша Қарағанды Техникалық Университетін тәмамдаған. Балалар мен жеткіншектер сарайында 2010 жылдан бері жұмыс істейді.        

БмЖС –да барлық бөлімдермен тығыз жұмыс атқарады. Музыканы тақырыпқа сай таңдау және өңдеу жұмыстарын жоғары деңгейде орындайды.

Қалалық, облыстық іс-шараларды өткізуге белсене араласады.

БмЖС мадақтама және алғыс хаттарымен марапатталған.


Газизова Гульназия Алхановна – ақпараттық-әдістемелік орталықтың меңгерушісі.

Білімі: 2006 ж. «Ақпараттық жүйе» мамандығы бойынша Болашақ Университетін бітірген.

Балалар мен жеткіншектер сарайында 2013 жылдан бері жұмыс істейді.

Осы мекеме қызметкерлерінің кәсіби білімін көтеру және аттестациядан өткізу мәселесі бойынша жұмыстар атқарады. Қосымша білім беру ұстаздарының әдістемелік жинақтарын  шығаруға қатысады.

Балалар мен Жеткіншектер сарайы, Облыстық Білім Басқармасының мадақтамалары және алғыс хаттарымен марапатталған.


 

ГОЛОМОЛЗИНА Татьяна Владимировна – жоғары санатты педагог-психолог.

Білімі: (1986ж.) Томск Мемлекеттік Университін «Инженер-геохимик» мамандығы бойынша бітірген, (2001ж) Ресей Гуманитарлық Институтының, «Психология» мамандығы бойынша аяқтады.

Балалар мен жеткіншектер сарайында 1996 жылдан бері жұмыс істейді.

Заман талабына сай оқу әдістемелік ойындарды қолдана отырып, педагог әр баланы қарым-қатынас ортасына баулиды, сонымен қатар оқу процесін қызықты өтуіне, әртүрлі шығармашылық іс-әрекетке тиімді психологиялық дамытуға жетелейді.

Әрдайым өзінің кәсіби деңгейін семинарлар, тренингтер және шеберлік-сыныптар шеңберінде көтеріп отырады.

Ағартушылық және кеңес беру жұмыстарын белсенді жүргізеді. Балалар агрессиясы проблемалары бойынша авторы болып табылады.

Қарағанды қ. Білім бөлімінің және Қарағанды облысы Білім  асқармасының Алғыс хатымен және грамотамен марапатталған.


Жанабаева Лайла Бирмановна –аудармашы-маман.

Білімі: 2002 ж. «Аударма ісі» мамандығы бойынша О.А. Байкоңыров атындағы Жезқазған  Университетін  бітірген.

Балалар мен жеткіншектер сарайында 2009 жылдан бері жұмыс істейді.

Осы мекемеде аударма жұмыстарын жүргізеді. Әрдайым өзінің кәсіби деңгейін аттырып отырады. Жұмысына ұқыпты және жауапты жан.

Балалар мен Жеткіншектер сарайы, Облыстық Білім Басқармасының мадақтамалары және алғыс хаттарымен марапатталған.

 


Исаинов Олжас Рустемович – суретші-дизайнер

Білімі: 2015 ж. «Дизайн» мамандығы бойынша Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін бітірген.

Балалар мен жеткіншектер сарайында 2013 жылдан бері жұмыс істейді.

Балалар мен жеткіншектер сарайындағы түрлі жарнамалық слайдтарды жасайды.

Бірнеше рет балалар шығармашылығы байқауларында қазылар алқасының құрамында болған.


КИМ Елена Олеговна – педагог-психолог

Білімі: 2008ж. «Психология» мамандығы бойынша Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін бітірген.

2011 жылдан бері Балалар мен жеткіншектер сарайында жұмыс істейді.

Балалар мен жеткіншектер сарайының бөлімдеріндегі балалармен және ата-аналарымен консультациялық-диагностикалық кеңестер жүргізеді. Түрлі тақырыптарда семинарлар мен тренингтер өткізуде белсенділік танытады. Өзінің кәсіби білімін үнемі көтеріп отырады.

2014 ж. Республикалық байқаудың облыстық кезеңінде «Жылдың ең үздік психологы» атанды.

Балалар мен жеткіншектер сарайы, қалалық білім бөлімінің мадақтамалары және алғыс хаттарымен марапатталған.

 

 

 


Матрененко Надежда Петровна –технологиялық- ақпараттық орталықтың меңгерушісі.

Білімі: 2006 ж. «Есептеуіш техника мен желілерді бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетін тәмамдаған.

Балалар мен жеткіншектер сарайында 2012 жылдан бері жұмыс істейді.

Балалар мен жеткіншектер сарайының сайтын маңызды ақпарттармен толықтырып отырады және ұжым қызметкерлерінің мерзімді баспасөзге жазылуын қадағалайды.

Балалар мен Жеткіншектер сарайы, Облыстық Білім Басқармасының мадақтамалары және алғыс хаттарымен марапатталған.

 


Мухамеджанов Алишер Исматович – инженер-системотехник.

Білімі: 2012 ж. «Есептеу техникалары мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Қарағанды гуманитарлық-техникалық колледжін бітірген.

2013 жылдан бері Балалар мен жеткіншектер сарайында жұмыс істейді.

Балалар мен жеткіншектер сарайының мадақтама және алғыс хатымен марапатталған.


 

ХИГАЙ Диана Георгиевна – суретші-дизайнер.

Білімі: 2011 ж «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін бітірген.

Балалар мен жеткіншектер сарайында 2010 жылдан бері жұмыс істейді.

Суретші –дизайнер ретінде Балалар мен жеткіншектер сарайы «Өркен» газетінің  жобасын жасауға қатысқан, сайт дизайнері.

 


Широков Олег Сергеевич – дыбысрежиссері.

Балалар мен жеткіншектер сарайының барлық бөлімдерімен тығыз жұмыс жасайды. Мерекелік ертеңгіліктер, спектакльдер, концерттік бағдарламалардың  барлығын музыкамен өрнектейді.

Қалалық, облыстық деңгейдегі түрлі іс-шараларға  қатысады.

Ашық, ұжымдағы адамдармен тез тіл табыса біледі, үнемі көмек беруге даяр.