АЛИМОВА Виктория Георгиевна – Отбасылық оқыту-білім кешенінің жетекшісі.

Білімі: 2006 жылы Мәскеу қалалық психологиялық-педагогикалық университетін «Психология» мамандығы бойынша аяқтады. Жоғары санатты концертмейстер, жоғары санатты педагог-ұйымдастырушы.

Бөлім меңгерушісі лауазымында 2004 жылдан бері қызмет атқарады.

Оның басшылығымен Отбасылық оқыту-бөлім кешенінде 30-дан аса педагог жұмыс істейді және 700- ден астам мектеп жасына дейінгі балалар дамыту бағдарламасы бойынша айналысады.

Жыл сайын ООБК көптеген концерттер, қызықты-танымдық бағдарламалар өтеді, осы концерттердің музыкалық фонаграммасының  авторы және әрлеушісі Виктория Георгиевна болып табылады.

Виктория Георгиевнаның басқарып отырған кешінінің жұмыс тәжірибесі 2011 жылы «Қосымша білім беру жүйесі жағдайында мектеп жасына дейінгі  балалармен  инновациялық жұмыс жасау үлгісі» атты Республикалық семинар шеңберінде көрсетілді. Оның тікелей басшылығымен «Алғашқы қадамдар» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған Облыстық фестиваль-байқауы өткізіледі.  

Жоғары кәсібилігі үшін Виктория Георгиевна Қарағанды Білім басқармасының және Білім бөлімінің алғыс хатымен және грамотасымен марапатталған.

 

 


Калиакпарова Асыл Кенесовна – Балалар шығармашылығын дамыту Бөлімінің меңгерушісі.

Білімі: 2007 жылы Е. А. Букетов атындағы Қарағанды Мемлекттік Университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын, 2013 жылы «Болашақ» Университетінің «Юриспруденция» мамандығын алып шықты.   

Балалар мен Жеткіншектер Сарайында 2011 жылдан бері жұмыс істейді.          

Ол өз жұмысын «Алтын маржан» балалар шығармашылығы үйірмесіне жетекші болудан бастады. 2013 жылдан бастап «Қайнар» балалар шығармашылығы Орталығының әдіскері болып тағайындалды.

Асыл Кенесовна өзінің интеллектуальдық деңгейін, педагогикалық шеберлігін, шығармашылық деңгейін көтеруге тырысатын маман ретінде көрсете білді. Сондықтан 2015 жылы оған ең үлкен бөлімдердің бірін басқару тапсырылды - 11 балалар шығармашылық ұжымдарында жұмыс істейтін 30 педагог.

Ол Қарағанды облыстық Білім Басқармасының, Қалалық Білім бөлімінің мақтау қағаздары және алғыс хаттарымен атап өтілді.


КРАВЦОВА Ирина Васильевна – ҚР ЖЗ ШҒА Орталық Қазақстан бөлімінің жетекшісі.

Білімі: (1979 ж.) «Француз тілі» мамандығы, Алматы педагогикалық шет тілдер институты, (1991 ж.) «Құқықтану» мамандығы, Қарағанды мемлекеттік университеті, «Магистр» ғылыми дәрежесіне ие.

Жоғары санатты қосымша білім беру педагогы, жоғары санатты педагог-ұйымдастырушы.

2004 жылдан бастап меңгеруші лауазымында. Оның қарамағында 30-дан астам педагог жұмыс істейді. ЖЗ ШҒА үш бөлімінде, 18 секциясында жыл сайын екі жүзден астам жоғары сынып оқушылары білім алады. 

«Зерттеуге кіріспе» қосымша білім беру бағдарламасының құраушы авторы. Ғылыми журналдарға мақалалары жарияланған, оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекетін дамыту әдістемелік оқу құралы авторларының бірі.

Жетістіктері үшін Ирина Васильевна ҚР БҒМ, ҚР Шағын ғылым академиясының, Қарағанды облыстық Білім басқармасының дипломдарымен, мадақтамаларымен, алғыс хаттарымен марапатталған.

 

 


Шкарупин Василий Дмитриевич – балалардың туристік-спорттық және әлеуметтік бастамасын дамытатын ұйымдастырушылық-әдістемелік бөлімі меңгерушісі.

Балалар мен жеткіншектер сарайының түлегі («Факел» қалалық пионерлер штабы).

Білімі: 1990 ж. Е. А. Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университетін  «Тарих және қоғам тану пәндерінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген.

Балалар мен жеткіншектер сарайында 1992 ж. бері жұмыс істейді.

Жоғары санатты педагог-ұйымдастырушы, жоғары санатты қосымша білім беру педагогы.

2003 ж. бері бөлім меңгерушілік қызметін атқарып келеді. Қазіргі кезеңде бөлімде 7 педагог жұмыс жасайды. Педагогтардың жұмыс бағыты - әлеуметтік білім мен білік және дағдыны иелену үшін балалар мен ересектер арасында бірыңғай коммуникациялық кеңістік қалыптастыруға жағдай жасау. Соған орай, бөлімде Қарағанды облысы Көңілді Тапқырлар Клубтары мен волонтерлық қозғалыстарды  дамытуға арналған шаралар өткізіледі. Бұл - балалар қоғамдық қозғалысы мамандары – тәлімгерлер үшін таптырмас әдістемелік көмек. Аталған бөлімнің іс-тәжірибесі 2011 жылы Республикалық семинар-кеңесте таратылды.

Василий Дмитриевич – Балалар ұйымдары Республикалық Одағы Орталық Кеңесі және Қарағанды облысы Жастар ісі жөніндегі облыстық Кеңестің мүшесі.

Жоғары деңгейлі басшылықтың мадақтамалары мен алғыс хаттары, сонымен қатар ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.