Балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогика кадрларына арналған біліктілікті арттыру курсының «Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары – балаларды дамытудың ресурстық орталықтары» білім беру бағдарламасы

 

 

1-тарау. Жалпы ереже

                                                                         

  1. Балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогика кадрларына арналған біліктілікті арттыру курсының «Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары – балаларды дамытудың ресурстық орталықтары» білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) курстың мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, бағдарламаны іске асыру тәсілін, курстың көлемі мен тыңдаушылардың мақсатты тобын, күтілетін нәтижелер мен оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдерін анықтайды.
  2. Бағдарлама педагогика, өнер және ғылым саласындағы жаңа жетістіктерді, балаларға қосымша білім беру жүйесін жандандыру ескере отырып, педагогтердің кәсіби және педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге бағытталған.

 

 

2-тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

 

  1. Бағдарлама мақсаты қосымша білім берудің педагог жұмыскерлерінің білімдерін жаңғыртуға және кәсіби шеберліктерін жетілдіруге жағдай жасау.
  2. Бағдарлама мақсатына жету үшін келесі міндеттер айқындалған:

1) қосымша білім беру жүйесіндегі заңнамалық, нормативтік құқықтық актілердегі, көркемөнер бағытында қосымша білім берудегі, оқытудың заманауи білім беру технологияларындағы жаңартулармен тыңдаушыларды таныстыру;

2) мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары жағдайында тәрбиелеудің әр алуан түрлеріне кіріктірілген тәсілдерді енгізу;

3) педагогикалық қызметтің жекелеген компоненттерін немесе қосымша білім берудің негіздерін мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының білім беру процесінде жобалау;

4) педагогтерге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету.

                                                           

 

3-тарау. Күтілетін нәтижелер

 

  1. Біліктілікті арттыру курстарының соңында көркемдік-эстетикалық бағытта балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогика кадрларының білімдері жаңартылады және кәсіби құзыреттілік дағдылары жетілдіріледі.

Тыңдаушылар:

1) Қазақстан Республикасында қосымша білім беру сапасы саласындағы мемлекеттік саясат басымдылықтарының мәнін;

2) балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың қызметтерін реттеудің заңнамалық және нормативтік құқықтық негіздерін;

3) балаларға қосымша білім беру ұйымдарындағы білім беру процессінің психологиялық-педагогикалық аспектілерін;

4) қосымша білім беру педагогикасының методологиялық негіздерін;

5) балаларға қосымша білім берудегі заманауи педагогикалық, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды;

6) Балаларға қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылардың сабақтан тыс бос уақытын қамту мақсатында мектептермен өзара әрекеттестігін;

7) комьютерлік үлгілеу негіздеріне оқытудың міндеттері мен келешегін;

6) компьютерлік үлгілеудің технологияларын;

7) балаларға қосымша білім беру ұйымдары негізіндегі бейіндік жұмыстарды;

8) ерекше қажеттіліктері бар балаларға қосымша білім берудегі заманауи педагогикалық технологияларды білетін болады.

 

 

4-тарау. Бағдарлама мазмұны

 

  1. Бағдарлама 4 (төрт) негізгі модульден тұрады:

1) нормативтік құқықтық модуль;

2) психологиялық-педагогикалық;

3) теориялық-технологиялық;

4) практикаға бағдарланған.

  1. Нормативтік құқықтық модуль балаларға қосымша білім берудің заңнамалық, нормативтік құқықтық базасының жаңаруы, қазақстандық білімнің жаңғыру бағыттары бойынша сұрақтарды ашады.

Модульдің болжамды тақырыптары:

1) балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың қызметтерін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық негіздері;

2) Қазақстан Республикасында балаларға қосымша білім беру: жағдайы және даму келешегі;

3) білім беру ұйымдарында жемқорлыққа қарсы күрес шаралары.

  1. Психологиялық-педагогикалық модуль тәрбиелеуде балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бала тұлғасын, техникалық шығармашылығын дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілерн туралы білімдерін жетілдіруді қарастырады, педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынас және кикілжіңдерді алдын алу мәселелерін қарастырады.

Модульдің болжамды тақырыптары:

  • балаларға қосымша білім беру ұйымдарындағы оқыту процесінің психологиялық-педагогикалық аспектілері;

2) жеткіншектің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері;

3) ерекше қажеттіліктері бар балалардың  психикалық дамуындағы ерекшеліктер.

  1. Теориялық-технологиялық модуль жаңа технологияларды, қосымша білім беру ұйымдарындағы музыкалық және көркемдік-эстетикалық қызметтің мазмұны мен түрлерін, қолдану ерекшеліктерін, күтілетін нәтижелерді ашады.

Модульдің болжамды тақырыптары:

1) «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеудегі өзекті мәселелер;

2) орта және қосымша білімнің өзара әрекеттесуіне әсер ететін инновациялық тәсілдер;

3) Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердегі балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері;

4) қосымша білім берудегі мектептен тыс ұйымдар – балаларды дамытудың ресурстық орталығы.

  1. Бағдарламаның практикаға бағдарланған модулі практикаға бағдарланған білімге көшу жағдайында педагогикалық қызметті жетілдіруге, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары практикалық сабақтарының барысында меңгеру мүмкін болатын инновациялық жобаларды іске асыруға ықпал етеді.

Модульдің болжамды тақырыптары:

1) балаларға қосымша білім беру ұйымдарының ресурстық орталық режиміндегі жмыс тәжірибесі;

  • балаларға қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылардың сабақтан тыс бос уақытын қамту мақсатында мектептермен өзара әрекеттестігі;
  • балаларға қосымша білім беру ұйымдары негізіндегі бейіндік жұмыс;

4) ерекше қажеттіліктері бар балаларға қосымша білім берудегі заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар.

 

 

 

4-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, формалары мен әдістері, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

 

  1. Біліктілікті арттыру курсы күндізгі оқыту тәртібінде осы Бағдарламаның қосымшасына сәйкес оқу-тақырыптық жоспар бойынша ұйымдастырылады. Курстың ұзақтығы 80 сағатты құрайды.
  2. Білім беру процесін ұйымдастыру кезінде тыңдаушылардың білімдерін бақылау және бағалау үшін:

1) өзіндік жұмыс;

2) жобаны презентациялау;

3) зерттеу жұмысы;

4) қорытынды тестілеу және басқалар жүргізіледі.

  1. 13. Бағдарламаны іске асырудың қорытындысы бойынша бақылау жұмысын бағалау өлшемдері.

«Сынақ» (тест: 50 пайыз және одан жоғары) – педагогикалық жұмыскер орындалған тапсырманың проблемалық саласын біледі, шешілетін проблеманың бастапқы себептерін түсінеді, тапсырманы орындау үшін білімдерін қолданады, проблеманы шешу үшін тәсілдерді (әдістер, құралдар, нысандар, аспаптар және тағы басқа) талдайды, проблеманы шешу үшін тәсілдерді (әдістер, құралдар, нысандар, аспаптар және тағы басқа) жинақтайды, күнделікті практика проблемаларын шешу үшін тапсырманы орындау маңыздылығын бағалайды. 

«Сынақтан өтпейді» (тест: 50 пайыздан төмен) – педагогикалық жұмыскер орындалған тапсырманың проблемалық саласын жеткіліксіз біледі, шешілетін проблеманың бастапқы себептерін түсінбейді, тапсырманы орындау үшін білімдерін қолданбайды, проблеманы шешу үшін тәсілдерді (әдістер, құралдар, нысандар, аспаптар және тағы басқа) талдай алмайды, проблеманы шешу үшін тәсілдерді (әдістер, құралдар, нысандар, аспаптар және тағы басқа) жинақтай алмайды, күнделікті практика проблемаларын шешу үшін тапсырманы орындау маңыздылығын төмен бағалайды. 

  1. Білім беру процесі оқытудың интерактивті формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады: дәрістер, практикалық сабақтар, шығармашылық шеберханалар, шеберлік сыныптар, тренингтер, жобаларды қорғау.
  2. Курс тыңдаушыларының мақсатты тобы: көркемөнер бағытында балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог жұмыскерлері.

 

 


 

Балаларға қосымша білім беру

бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының

педагогика кадрларына арналған біліктілікті арттыру курсының

«Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары – балаларды дамытудың

ресурстық орталықтары» білім беру бағдарламасына қосымша

 

 

80 сағатқа арналған курстың оқу-тақырыптық жоспары

 

Модульдердің аталуы

Академиялық сағаттар саны

Оның ішінде

теория

практика

1.

Нормативтік құқықтық модуль

6

6

0

1.1.

Балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың қызметтерін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық негіздері

2

2

0

1.2.

Қазақстан Республикасындағы қосымша білім: жағдайы және даму келешегі

2

2

0

1.3.

Білім беру ұйымдарындағы жемқорлыққа қарсы күрес шаралары

2

2

0

2.

Психологиялық-педагогикалық модуль

10

4

6

2.1.

Балаларға қосымша білім беру ұйымдарындағы оқу процесінің психологиялық-педагогикалық аспектілері

2

2

0

2.2.

Балалар бірлестігінің теориясы мен практикасының психологиялық-педагогикалық негіздері

2

0

2

2.3.

Балалар бірлестігі жағдайында шығармашылық қызмет арқылы әрекеттесу психологиясы

2

0

2

2.4.

Білім беруге ерекше қажеттіліктері бар балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері

4

2

2

3.

Теориялық-технологиялық модуль

16

10

6

3.1.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеудің өзекті мәселелері

4

4

0

3.2.

Орта және қосымша білімнің өзара әрекеттесуіне әсер ететін инновациялық тәсілдер

4

2

2

3.3.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердегі балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері

4

2

2

 

3.4.

Қосымша білім берудегі мектептен тыс ұйымдар – балаларды дамытудың ресурстық орталығы

4

2

2

4.

Практикаға бағдарланған модуль

48

10

38

4.1.

Балаларға қосымша білім беру ұйымдарының ресурстық орталық

режиміндегі жмыс тәжірибесі

16

4

12

4.2.

Балаларға қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылардың сабақтан тыс бос уақытын қамту мақсатында мектептермен өзара әрекеттестігі

8

2

6

4.3.

Балаларға қосымша білім беру ұйымдары негізіндегі бейіндік жұмыс

4

0

4

4.4.

Балаларға қосымша білім берудегі заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар

8

0

8

4.5.

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен инклюзивті білім берудің Ресурстық орталығы қызметі

6

2

4

4.6.

«Қатер тобындағы» балаларды тәрбиелеу тәжірибесі

6

2

4

 

Барлығы

80

30

50