2019 жылдың 24 қаңтар күні сағат 15.00де Қарағанды облысы білім басқармасының «Көзі кеміс балаларға арналған облыстық арнайы №1 мектеп- интернаты» базасында Қарағанды қаласы  Балалар мен жеткіншектер сарайы бөлімшесінің шығармашылық ұжымдарының  «Жарқын болашаққа бірге» атты  Қарағанды қаласының 85 жылдық мерейтойына арналған қайырымдылық концерті өтті.

Концерттің  басты мақсаты:  қамқорлық пен қолдауға мұқтаж, көңілін шер, қабағын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтетін балаларға қолдау көрсету және де оларға да шығармашылық қабілеттерін толық көрсетуге, белгілі бір өздерінің өнердегі жетістіктерін, даралығын көрсетуге мүмкіндік беру. Сонымен қатар, қосымша білім беру жүйесінің әлеуметтік серіктестіктер арасында өзара қарым-қатынастың жаңа бір түрін көрсету.


Концерттің ерекшелігі: кеш қонақтары  балалар үйі мен арнайы мектеп- интернат тәрбиеленушілері, Қарағанды қаласының БмЖС Сұрыптау кенті бөлімшесінің тәрбиеленушілерімен бірігіп ән салды,би биледі, қазақтың қара домбырасымен күй шертті, өлең-жырларын оқыды.


Кештің басты қонағы – ертеңі талпыныстарға, болашағы армандарға толы, айналасынан шуақ пен мейірім күтетін көзі кеміс балаларға арналған  облыстық арнайы №1 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері және де арнайы осы мерекеге шақырылған балалардың ата-аналары.


Концертте
брейк-данс «Куба» хореографиялық би ұжымы, «Назқоңыр», «Созвездие» эстрада-вокал ұжымдары мен көзі кеміс балаларға арналған  облыстық №1, дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №3 арнайы мектеп-интернатының, дамуы шектелген балаларға арналған балалар үйінің тәрбиеленушілері өнер көрсетті.