2019 жылдың 14қаңтар айынан бастап «Балалар мен жеткіншектер сарайы» КМҚК және Қарағанды облыстық тарихи өлкетану мұражайы қолдауымен «Туған соқпақтар» байқауына жұмыстар қабылдау үстінде.

 

Байқаудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының жас ұрпағын патриоттыққа және азаматтыққа, белсенді өмірлік ұстанымға тәрбиелеу.

 

Байқаудың міндеттері:

  • балалар мен жеткіншектерді Қазақстан Республикасының мәдениетімен географиясын, тарихын тануға уәждеу;
  • балалар мен жеткіншектердің шығармашылық идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызу;
  • балалар мен жасөспірімдердің шағын отанына деген қызығушылық белсенділігін арттыру
  • балалардың әлеуметтік-маңыздылық бастамасын жүзеге асыру және қолдау

 

Байқаудың қатысушылары: жалпы білім беретін мектеп және қосымша білім беру ұйымдарымен, колледждің оқушылары (7 мен 18 жас аралығы) қатыса алады.

 

Байқауға  Қарағанды облысының  Бұқар –Жырау, Нұра, Шет, Қарқаралы, Ұлытау аудандарынан және Балқаш, Абай, Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалаларынан жұмыстар қабылдануда.