«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткізілетін«Жарқын болашаққа бірге»  атты мерекелік, қайырымдылық концерт бойынша  ақпарат

 

 

 

 

«Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс-

біздің дамуымыздың ең басты қағидасы.

 Өмір сүру үшін өзгере білу керек.

Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді»

 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан

 

 

Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті.

 

Патриоттық акті барша қазақстандықтарды Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырады.

Елбасының көрсетіп отырған міндеттерін шешуде балаларға қосымша білім беру саласына маңызды роль берілді.

Осыған байланысты, қосымша білім беру ұйымдарының басты стратегиялық тәсілдері «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісінде анықталған өскелең ұрпақты әлеуметтендіру және өзін өзі дамыту сияқты маңызды міндеттерді шешуге бағытталуы қажет.

 

Біріншіден, балаларға қосымша білім беру жүйесінің көп салалығын дамытуда қайта бағдарлану маңызды; желілік өзара әрекеттестікті қосымша білім беру жүйесінің ішінде, сондай-ақ өзара әрекеттесу жүйесіндегі серіктестіктердің қатысуымен – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын бейіндерге жақын кәсіби білім, мәдениет ұйымдары, кәсіпорындар, басқа да әлеуметтік серіктестіктер арасында өзара байланысты дамыту және де байланыстың жаңа формалары мен әдістері ерекше рольге ие болып тұруына қатты көңіл аударды.

 

Осы бағдарламаның стратегиясының аясында, Қарағанды қаласының балалар мен жеткіншектер сарайының  ұстаздар қауымының ұйымдастыруымен, тәрбиеленушілерінің қатысуымен    Қазыбек би аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының қолдауымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында 2019 жылдың 13 наурыз күні сағат 11.00де  К.Станиславский атындағы орыс драма театрында Қарағанды қаласының 85 жылдығына арналған «Жарқын болашаққа бірге» атты мерекелік, қайырымдылық концерт өтті.    Концерттің  басты мақсаты:  қамқорлық пен қолдауға мұқтаж, көңілін шер, қабағын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтетін баларға қолдау көрсету және де оларға да   шығармашылық қабілеттерін  толық көрсетуге, белгілі бір өздерінің өнердегі жетістіктерін,  даралығын көрсетуге мүмкіндік беру.  Сонымен қатар, концерттің ерекшелігі біздің қонақтарымыз яғни,  балалар үйі мен арнайы мектеп- интернат тәрбиеленушілері  Қарағанды қаласының БмЖС  Сұрыптау кенті бөлімшесінің тәрбиеленушілерімен  бірігіп ән салды, би биледі, өлең-жырларын оқыды. Кештің басты қонағы – ертеңі талпыныстарға, болашағы армандарға толы, айналасынан шуақ пен мейірім күтетін   «Құлыншақ», «Таншолпан», «Үміт» балалар үйі, Облыстық  «психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектеп-интернаты», "Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты", облыстық балаларға арналған «тірек-қимыл аппараты бұзылған мектеп-интернаты»,  облыстық арнайы  «көзі кеміс  балаларға арналған  №1 мектеп-интернаты» және де арнайы осы мерекеге шақырылған бір топ  Аутизм дертіне шалдыққан балалар мен ата-аналары.

 

Концерттік бағдарлама Қарағанды қаласының БмЖС  Сұрыптау кенті бөлімшесінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен өтті.

 

Олар «Назқоңыр», «Созвездие» эстрада-вокал, «Әдемай» үйірмесі, «Кристаллайн» би студиясы, үлгілі би ансамблі «Искорка» тәрбиеленушілерінің қатысуымен өтеді. «Асыл мұра», «Муза» сурет және дизаин үйірмесінің шәкірттерінің жұмыстарынан көрме ұйымдастырды.