Наурыз Мерекесіне арналған  кадет сыныптары арасындағы «СТРОЕВОЕ ДЕФИЛЕ «ПЛАЦ-ПАРАД» АЛҒАШҚЫ ФЕСТИВАЛІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ   АҚПАРАТ


20 наурыз күні 2019 жылы  Балалар мен жеткіншектер сарайының педагоктарының үйымдастыруымен және   ҚР Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің қоғамдық ұйымдарының қолдауымен  Наурыз мерекесі қарсаңында үлкен іс-шара өткізілді.   

ФЕСТИВАЛЬДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

  • жастарды Қазақстандық патриотизм рухына тәрбиелеу;
  • Өз Отанын қорғаудағы шеберлігі мен дайындығының дағдыларын меңгеру нәтижесінде жоғары жетістікке жету
  • Кадет сыныптарындағы әскери-патриоттық жұмыстар жағдайын бағалау;
  • Батылдық пен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;  
  • Танымдық тәртіпті, сонымен қатар еркіндік, батылдық, тапқырлық, достық пен жолдастық қасиеттерін тәрбиелеу;
  • Жастарды мәдениетке, сұлулық пен эстетикаға баулу;

Фестивальға келесі мектептерден 6-7, 8-9 кадет сыныптары қатысты:

  • Қарағанды қ.: ЖБОМ  №21, 58,  ЖБМБК №77;
  • Балқаш қ.: ЖБОМ №8;
  • Теміртау қ.: ЖБОМ №23.

Фестиваль бағдарламсында  қатысушылар  бір орында және қозғалыс кезінде саптық элементтерді және  қарумен жаттығуларды көрсетті.

Фестивальдің құрметті қонақтары:

  • Фатеева Мария Дмитриевна – Қазақстан Халықтар аналар Член  Ассамблея кеңесінің мүшесі. «Содружество миротворцев» әлемдік қоғамдық қайырымдылық қорының құрметті мүшесі.
  • Кенжегалиева Жанар Бейсенбековна – Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Халықтар аналар Член  Ассамблея кеңесінің мүшесі.  
  • Испаев Талгат – Қарағанды облысы бойынша Республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы. Ардагерлер одағының мүшесі. Тәжік-ауған шекарасы мен әскери қақтығыстар жауынгерлік әрекеттеріне қатысушы.  
  • Мусалиманов Талғат Қүсайынұлы- Қарағанды облысы бойынша Республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасының орынбасары.  Ардагерлер одағының мүшесі. Тәжік-ауған шекарасы мен әскери қақтығыстар жауынгерлік әрекеттеріне қатысушы.   
  • ТЖ бойынша мектеп директорларының орынбасарлары.
  • ҚР Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының офицерлері.

Ұйымдастырушылар:

  • Қарағанды қ. «Балалардың туристік, спорттық және әлеуметтік бастамасын дамытудың ұйымдастырушылық, әдістемелік бөлімі».
  • ҚР Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының басқармасы;