2019 жылы 24 -27 сәуір аралығында Семей қаласында Латиф Хамиди атындағы III Халықаралық байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты – дарынды балаларды анықтау, өскелең ұрпақты музыка өнерінің үздік дәстүріне баулу, Латиф Хамидидің шығармашылығы мен Қазақстан композиторларының шығармашылығын дәріптеу. Байқауға Қазақстанның барлық облыстарынан 100-ден аса бала қатысты. Байқау 4 бағыт бойынша өтті: фортепиано, ішекті, үрлемелі аспаптары; қазақ және орыс халық аспаптары; теория; ансамбльдер. Аспаптарда ойнау байқауында, скрипкашылар, виолончелистер, кларнетшілер, флейташылар, домбырашылар өздерінің шеберлігімен сайысты.


Аталмыш байқауда Қарағанды қаласының «Балалар мен жеткіншектер сарайының» «Перне сазы» домбыра ансамблінің тәрбиеленушілері жүлделі орындарға ие болды: Қабылов Ерасыл мен Тоймбеков Даниял Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым», Асылбековтың «Әкеарманы» күйлерін орындағаны үшін II дәрежелі дипломмен марапатталды. Дайрабайдың күйі «Дайрабай», Тәттімбеттің күйі «Табалдырық қосбасар» күйлерін орындап III дәрежелі диплом мен кубоктарға ие болды. «Перне сазы» ансамблінің жетекшісі Бекжігітова Ағыжан Мадихановна дипломдар және алғысхаттармен марапатталды. Педагогтар өздерінің алған әсерлерімен бөлісті: «Байқауға қатысу білім деңгейімізді жоғарылатуға, оқушылардың шығармашылыққа білеттерінын таландыруға, дүр композитор Латиф Хамидидің және Қазақстан композиторларының шығармашылығын танып білуге мүмкіндік берді. Ал музыка Олимпін бағындыру – әр музыканттың арманы». Барлық байқауға қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар берілді.