Халықаралық отбасы күні қарсаныңда  облыстық «Құлыншақ» балалар үйінің  тәрбиеленушілеріне  арналған «Отбасы  - Отан тірегі» атты  зияткерлік – танымдық ойын бағдарламасы ұйымдастырылып өткізілді.

Бағдарламаның мақсаты:

  • оқушыларға отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау;
  • отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру;
  • жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

Ойын арқылы балалардың өмірге  деген құштарлығы оянады, өмірдің мәні туралы білімдері қалыптасады,  болашақта отбасын құруды жоспарлауды үйренеді.

Аталған бағдарламаға 6- 9 сынып оқшыларының балалары  белсене қатысып, өз ойларын еркін айтып, отбасы құндылығы мен өмірдің мәні туралы рухани  азық алып қызықты көңілмен бөленіп тарады.