Адам өмірі отбасынан басталады,  адам отбасынан азамат болып қалыптасады. Отбасы – махаббат, құрмет, береке мен сүйіспеншіліктің көзі, соның негізінде кезкелген өркениетті қоғам құрылады, онсыз адам өмір сүре алмайды. Отбасының дәулеттілігі  – мемлекет дамуы мен прогресінің өлшемі.

Отбасы – қасиетті құндылық. Адам баласына берілетін тәрбиенің ең негізгі тіні осы жерде қалыптасады. Талайды қанаттандырған киелі шаңырақ – бұл.

 Балалар мен жеткіншектер сарайында ағымдағы жылдың қыркүйек айының 14 күні  «Отбасым бақыт мекенім» отбасылық сайыс өтті. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу кезінде отбасылық салт- дәстүрлерді қолдау және дамыту,  оқушылардың көркемдік шығармашылығын насихаттау, балалардың бойында патриотизм және отбасылық құндылық сезімдерін ояту – біздің басты мақсатымыз болды.

Шараға Балалар мен жеткіншектер сарайы тәрбиеленушілерімен ата-аналары қатысты. Өздерін таныстыру бөлімінде әр топ өз ерекшеліктерін танытып, ата-аналарын ортаға  шақырып өлең шумақтарымен, көңілді би ырғағымен таныстырды.

 «Отбасым бақыт мекенім» тақырыбындағы мерекелік іс-шараға қатысқан ата-аналар тобы мен балалар өз алғыстарын айтса, Балалар мен жеткіншектер сарайы ұжымы «Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды, бір - біріңізді ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатқа бөлей жүріңіздер» - деп тілегін білдіріп, сыйлықтарын табыстады.

  ПҰ Мауиянов М. М.