Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, ардақты ақын Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл! Ардақты тұлғаның айтулы мерейтойы барша қазақ баласына ортақ екені ақиқат.

Осы айтулы мерекеге орай бүгін Қарағанды қаласында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған басты шара 20 қыркүйекте Қарағандыда орталық саябақтың сахнасында өтті.

Бұл күні  қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерт беріліп, сондай-ақ көрмелер, ойындар, театрландырылған қойылым көрсетілді.

Аталған іс шараға Қарағанды қаласының Балалар мен жеткіншектер сарайының  «Волшебная страна» үлгілі хореографиялық би ансамбліде өз үлесін қосып, көрермендерге көңілді қөңіл-күй сыйлап, мерейтойға   қатысты.

.