Қарттықты құрметтеу және үлгі тұту, қарт адамдардың сіңірген еңбектерін, мемлекеттің дамуына қосқан көптеген үлестерін мойындау белгісі ретінде Қазақстанда жыл сайын 1-қазан күні Халықаралық қарттар күні аталып өтуде.

Қазақстандық әрбір жаңа ұрпақ үлкендердің даналығын, тәжірибесі мен қадір-қасиеттерін үлгі тұтады.

Халықаралық Қарттар күні 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланған. Қарттар – біздің асыл қазынамыз.

Бүгін 25 қыркүйекте қарттар күніне орай Қарағанды қаласының Балалар мен жеткіншектер сарайының бір топ ұстаздар қауымы мен үлгілі би ансамблі «Волшебная страна» және вокальды студия «Бозторғай» тәрбиеленушілері Новая Тихановка кентіндегі Қарағанды облысының қарттар мен мүгедектерінің №1 мемлекеттік әлеуметтік мекемесіне мерекелік бағдарламамен қарт аталар мен асыл жанды әжелерімізді құттықтап барып кайтты.

Мерекелік бағдарламаға ризашылығын білдірген қарттар ұжымы атынан Михайлюкова Людмила  Тимофеевна өзінің жүрек жарды тілегін және сыйлықтарын оқушыларға  тапсырып көңілді күймен қоштасып қайтты.

Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне,  біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!

Баршаңызды шын жүректен даналық пен ізгіліктің мерекесі – Қарттар күнімен құттықтаймыз!