2019 жылғы 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында "Қазақстан" Орталық концерт залында " Үздік педагог 2019" мұғалім күні мерекесіне қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерт өтті.

Осы мерекелік концертке Балалар мен жеткіншектер сарайының "Бозторғай" эстрадалық-вокалдық студиясының тәрбиеленушілері өнер көрсетуге арнайы шақырылды.